Жастар жатақханасы

Жастар жатақханасы

Жастар жатақханасы
ашық дереккөзі
  «Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» – ауқымды бағдарлама. Сондықтан әрбір бастаманы сапалы жүзеге асыру міндет. Мұның артында халық бар. Бұл тұрғыда жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту және олардың салық жүктемесін азайту мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.  Халық табысының артуын қамтамасыз ету үшін өзін өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халыққа микронесие беруді көздейтін төртінші бастама бойынша негізінен индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ал 20 мың білім грантын бөлуді көздейтін үшінші бастаманың бірінші бөлігі жұмысын аяқтады. Екінші бөлігі студенттерді жатақханамен қамтуды көздейді. «Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек» делінген Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жаңа 350 орындық жатақханасы пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған Студенттер үйінің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов университет басшылығын, оқытушылар және студенттерін осынау қуанышты жаңалықпен құттықтады. «Құрметті студенттер, ертең сіздер университет бітіріп, қазақ тілі, орыс тілі не ағылшын тілі мұғаліміне айналып, мектепте шәкірт тәрбиелейсіздер. Бәріміз де ұстаз алдынан өсіп шықтық. Өйткені, сол кісілер білім беріп, тәрбиелеп, үлкен өмірге дайындады. Білсеңіздер, балалар мектепте мұғалімдеріне өте жақын өседі. Тіпті, ата-анасына айтпайтын сырларын мұғалімдеріне айтатын кезі болады. Сіздер де шәкірті өзіне жақын тартатын мұғалім болыңыздар. Шәкірттеріңіз сіздерді құрметтеп жүрсін!», – деді.  

Тоғжан Төлеген