Кәсіби журналистикаға сенімім жоғары – Дәурен Абаев

Кәсіби журналистикаға сенімім жоғары – Дәурен Абаев

Кәсіби журналистикаға сенімім жоғары – Дәурен Абаев
ашық дереккөзі
Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кәсіби журналистика мен әлеуметтік желіге қатысты ойымен бөлісті. «Мен мынадай екі маңызды дүниені бөле-жара айтар едім: бедел және сенім. Кәсіби журналистикаға сенім барлық уақытта жоғары болады. Өйткені, әлеуметтік желіге қарағанда журналистің материалы жарияланбастан бұрын барлық уақытта да белгілі бір тексеруден өтеді. Болашақта осыған айналып келетіндігімізге сенімдімін және журналистика соңғы ақпарат көзі болады. Ең дұрыс ақпарат көзіне айналады», - деді Дәурен Абаев. Министр тек қазақстандық қана емес сонымен бірге бүкіл әлемдегі барлық БАҚ-қа тән кемшіліктердің бар екендігін атап өтті. «Қазақстандық журналистиканың кәсібилік деңгейі қазірдің өзінде жалпыәлемдік деңгейге жеткендігін атап өткім келеді», - деді ол.

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ