Қазақша күрестен халықаралық палуандар бәсекесі өтті

Қазақша күрестен халықаралық палуандар бәсекесі өтті

Қазақша күрестен халықаралық палуандар бәсекесі өтті
ашық дереккөзі
Жыл сайынғы дәстүрге айналған жарыс биыл Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді-мекенінде өтті. Қ.Мұңайтпасұлының 149 жылдығына арналған қазақша күрестен палуандар турниріне Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерімен қатар еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге тарта палуан қатысқан. Қажымұқан атындағы стадионға жиналған бозкілем шеберлері 2 күн бойына, 8 салмақ дәрежесінде бақ сынасып, жеңімпаздарды анықтады. Ақтық сында күрескен алматылық Руслан Әбдіразақов пен моңғолиялық Серік Бердімұрат арасындағы бәсекеде, ел намысын қорғаған Руслан жеңіске жетсе, үшінші орын тағы да моңғолиялық Дорж Анарға бұйырды. Бұл жолы турнирдің бас жүлдесіне су жаңа «Нива» автокөлігі тарту етілді. ,Жеңімпазға темір тұлпарды Ордабасы ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен облыстық Дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев табыс етті. Түйе балуан енді «Қазақстан барысы» турнирінде бағын сынайтын болады

Рысбек АРАПХАНҰЛЫ