Көктемгі Үлкен Алматы көлі

Көктемгі Үлкен Алматы көлі

Көктемгі Үлкен Алматы көлі
ашық дереккөзі
Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.

Климаты

Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде аршаТянь-Шань шыршасықарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды.