«Дарын» сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» сыйлығына байқау жарияланды
ашық дереккөзі
Байқау - әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары жетістікке жеткен дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын өтеді. Байқау - әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді», - деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Байқауға республикалық және халықаралық конкурстар мен фестиваль лауреаттары, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатыса алады. Одан бөлек, инновациялық қызметі үшін немесе тиісті саланы дамытуға ықпал еткен Қазақстанның 29 жасқа дейінгі азаматтары аталған байқаудың үміткері бола алады. «Үміткерлердің кандидатурасын ұсынуды мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi. Барлық жеңімпаздарға ҚР Үкіметінің қаулысымен «2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және сыйлықтың иегері дипломмен, төсбелгімен сондай-ақ, ақшалай сыйақымен марапатталады», - делінген хабарламада.