Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды «Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 28 наурыз № 4
Жүктелуде...