Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды», - делінген Жарлықта. Еске салайық, бұған дейін Әсет Исекешевтің Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, оның орнына Бақытжан Сағынтаевтың келгені хабарланған еді.
Жүктелуде...