Алматы облысы Текелі қаласындағы қараусыз қалған шахтада үш ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өңірлік ТЖД өкілдерінің мәліметінше, олардың денесі 24 наурызда таңғы уаықтта шығарылған. «Қаза болғандардың денесі 25-30 градус еңістегі көлденеңінен 350 метр қашықтықта табылды және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары шығарды, олар қауіпсіздік мақсатында арнайы жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталды», - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев. Осы дерек бойынша өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіледі.
Жүктелуде...