Шымкенттің орталық даңғылына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz . Мұндай шешім қалалық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел қалаларындағы орталық көшелердің атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауыстыруды тапсырған еді. Сонымен қатар, ол елорда атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды.
Жүктелуде...