Жезқазғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

Жезқазғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр

Жезқазғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара барысында қаладағы көлік қозғалысын шектелетіндіктен көшелер ішінара жабылуы мүмкін. «Оқу-жаттығудың кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс - қимыл жасау дағдылары пысықталады», - делінген хабарламада. Оқу-жаттығу өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тұрғындардан іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауын сұрайды.