24.KZ: Түркия – әлемде төртінші орында

24.KZ: Түркия – әлемде төртінші орында

24.KZ: Түркия – әлемде төртінші орында
ашық дереккөзі
Анадолы жерінде қысы-жаз демей, жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрін қолжетімді бағамен сатып алуға болады. Өйткені елдегі климаттық жағдай қолайлы. Сала бойынша жұмыс жүргізудің де жүйелі тетігі қалыптасқан. «Түркияда 7 ірі егін шаруашылығы аймағы бар. Әр аймақта өсірілетін көкөніс және жеміс-жидек түрлері белгіленген. Бұл жылыжайларға кететін қаражатты едәуір қысқартады және жоғары сапада болуына септігін тигізеді», – дейді Түркия президентінің ауыл шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Ибрахим Сөнмез. Түркияда жылыжай алқабы 650 мың гектар жерді алып жатыр. Олардың көлемі ірі, әрі заманауи технологиялармен жабдықталған. Жылыжайларда өсірілетін өсімдіктердің 95 пайызы – көкөніс, 4 пайызы – гүл және 1 пайызы – жеміс-жидектер. Жергілікті шаруалар халықты көкөніс, жеміспен толықтай қамтамасыз етіп, қалғанын экспорттау үшін мемлекеттік субсидиялар алуды қарастырып отыр.