Нұрлан Нығматулин: Базарда жүресіз, енді өңірлерді аралаңыз

Нұрлан Нығматулин: Базарда жүресіз, енді өңірлерді аралаңыз

Нұрлан Нығматулин: Базарда жүресіз, енді өңірлерді аралаңыз
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің отырысына қатысқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке өңірлерді аралауға кеңес берді.  – «Руслан Ерболатұлы, өз қызметіңізде базарларда түсірілген фотосуреттерді белсенді қолданатыныңызға қарағанда, сіз сонда жүресіз. Мұның өзі жақсы. Егер өңірлерге шыға бастасаңыз, ол жерлерде тағы бір проблеманы көресіз. Биыл Павлодар облысынан бастап, бүкіл Қазақстан бойынша картоп пен қияр сатылымы құрдымға кетті. Мұның себептерінің бірі – нарықта тауарлардың көптігі, оның ішінде екіжақты келісімшарттар бойынша төмендетілген баж салығымен келген тауарлардың көптігі. Сіз министр ретінде бүкіл осы тізімді қарап шығыңызшы. Себебі, біз қазақстандық тауар өндірушілердің, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін Үкімет тарапынан қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек.