БҰҰ Эфиопиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды

БҰҰ Эфиопиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды

БҰҰ Эфиопиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды
ашық дереккөзі
Эфиопияда құлаған ұшақ құрбандарын еске алу үшін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде үнсіздік жарияланды. Ұшақта қаза тапқандардың арасында БҰҰ-ның 22-і қызметкері болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Естеріңізге сала кетсек, таяуда Аддес-Абебаның әуежайынан Найробиге бет алған «Боинг-737 Макс-8» ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 149 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қайғылы жағдайға байланысты БҰҰ–ның туы төмен түсірілді.