Парижде болған жарылыстан наубайхана ғимараты құлауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Франция өрт сөндірушілері осылай деп алаңдаулы. Жарылыстан нысанның бірінші қабат толықтай қирап қалған. Қазір 4 қабатты ғимарат қоршалды. Мамандар оны 2 апта бойы бақылайтын болады. Еске сала кетейік, кеше Париждегі Тревиз көшесінде орналасқан наубайханада жарылыс болып, 4 қабатты тұрғын үй өртке оранды. Апаттан 2 өрт сөндіруші мен бір Испания азаматшасы көз жұмды. Тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды. Олардың 9-ның хәлі ауыр. Қазір жарылыстың неден болғаны тескеріліп жатыр. Бірақ өрт сөндірушілер наубайханада газ жарылған деген пікірде.
Жүктелуде...