«Stipendium Hungaricum» – қазақтарға
«Stipendium Hungaricum» – қазақтарға
Осы бағдарлама аясында Венгрияның тарапынан Қазақстан азаматтарына 250 грант бөлінген: бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар), магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер), бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер), докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта). Өз кезегінде, грант тегін оқуды, бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия – 130 еуро, докторантура – 450-580 еуро; жатақханада тұру (немесе айына 130 еуро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу); медициналық сақтандыру шығындарын қамтиды.