Отбасы – маңызды институт
Отбасы – маңызды институт
«Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында отбасы біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты деп атап көрсетілген Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады. Салтанатты жиында мектеп директоры Құралай Ошанова өз сөзінде жастарды отбасы құруды кейінге қалдырмауға, материалдық ұсақ-түйектерге қатты мән бермеуге, өзінің бақытты отбасылық ұясын құрып, содан кейін материалдық игіліктер туралы ойлануға шақырды. «Егер сіз барлық уақыт пен энергияны ұсақ-түйекке жұмсасаңыз, онда сізде ең маңызды нәрсеге орын болмайды. Кез келген адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтетін ұмытпаңыз», – дейді Құралай Ошанова. Шара аясында мектепте жанұялардың қатысуымен түрлі байқаулар мен спорт алаңында жарыстар өтті. Сондай-ақ, республикалық «Отбасын қолдау апталығы» акциясы аясында, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, №5 КМК бас дәрігері, «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымы төрағасы Болат Садықовтың басшылығымен «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымы мүшелерінің атынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға және қарт мүгедектерге азық-түлік себеттері табысталды.