Жаңалықтар

Биыл мектепке үш миллион бала барады

Биыл мектепке үш миллион бала барады

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылы мектепке үш миллионнан аса баланың баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2018 жылы үш миллионнан аса бала мектепке барады, олардың 350 мыңы бірінші сыныпқа барады", - деді Сағадиев үкімет отырысы барысында. Сондай-ақ, министр республикалық бюджет есебінен 110 мектептің салынып жатқанын, оның 72-сі биыл пайдалануға берілетінін айтып өтті. "Жаңа оқу жылында жаңартылған оқулықтарға 3, 6, 8-сынып оқушылары өтеді. Педагогтар қажетті курстардан өтіп жатыр. (...) Оқулықтардың электрондық нұсқасы енгізіліп жатыр", - деді министр. Оның айтуынша, мектеп формасына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.