Бурабайда 200 адамның қатысуымен «Colorfest Burabay» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Visit Aqmola туристік ақпарат орталығының дерегі бойынша «Burabayland» паркінің аумағында ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар бір-бірінің үстіне барынша бояу шашуға тырысты. «Colorfest Burabay» фестивалі «Four seasons» тұжырымдамасы шеңберінде ішкі туризмді дамыту мақсатында өткізіліп келеді. «Фестиваль кезінде адам бір-бірінің үстіне бояу шашып қана қойған жоқ, тамаша табиғат аясында серуендеп, əсем таңдады», - дейді шараға қатысушы Алина Оспанова. Шара жергілікті диджейлер мен кавер-топтың концерттік бағдарламасымен мəресіне жетті.
Жүктелуде...