11-12 тамызда Астанада Түркістан облысының жәрмеңкесі болады
11-12 тамызда Астанада Түркістан облысының жәрмеңкесі болады
Жәрмеңкеде оңтүстік өңірдің 200 тоннадан астам көкөнісі мен жемісі ұсынылады және де астана тұрғындарының сұранысы бойынша «Дәмді ет» сауда белгісі бар «Ордабасы құс» ЖШС-нің шұжық және үндіктен жасалған ет өнімдерін де әкеледі. Сондай-ақ сүт өнімдері ұлттық тағамның ассортименті ұсынылады. Айта кетейік, биыл облыс астанаға 5 рет келді және жалпы көлемі 14 мың тоннадан асатын 26 өнімнің түрін ұсынды. Бұдан басқа, әрбір сенбі, жексенбі күндері Сауран 7, Рысқұлбеков 7 мекенжайы бойынша қаланың 2 ауданында жақын маңдағы кәсіпорындардың қатысуымен жәрмеңке өтті. Ол жердегі өнімдерді базардағы бағадан 10-15% төмен алуға болады. Тағы бір еске салатын жайт, биыл 100-ден астам ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.