Жаңалықтар

Қажылық маусымы ашылды

Қажылық маусымы ашылды

Әлем мұсылмандарының қажылық маусымы басталды. Алғашқы қажылар легі Сауд Арабиясы корольдігіне еле бастады. Бұл қатарда Үндістан, Пәкістан мен Бангладеш елдерінің азаматтары бар. width=

Жидда қаласындағы Абдулазиз король атындағы халықаралық әуежайға Бангладеш азаматтарын Biman Airlines әуе компаниясы ұшақтары алып келсе, Нью-Дели (Үндістан) мен Карачи (Пәкістан) мұсылмандары Мәдина қаласындағы Мұхаммед ханзада әуежайына келіп түсті. Саудияның бас азаматтық авиация басқармасы қажыларға қызмет көрсетудің барлық дайындықтарын жасады.  width= «Біз қасиетті қос мешіттің сақшысы король Салманның директивін жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізіп, қажыларға жақсы қызметтер ұсынуды жоспарлаймыз. Әсіресе, ұшып келу-кету барысындағы процедуралар ұзақтығын қысқартып отырмыз» дейді басқарма өкілдері.  width= Айта кетсек, қажылыққа әлем елдерінен барлығы 6 072 рейс жоспарланса, оның 3 383-і Жидда әуежайы арқылы, 2 689-і Мәдина әуежайы арқылы ұшады.