Менингиттің алдын алу
Менингиттің алдын алу
Ауру адамдар мен сау тасымалдаушылар инфекция көзі болып табылады, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк тасмалдаушылары болады. Менингококк инфекциясы аурушаңдығы кезеңімен сипатталады – қыста және ерте көктемде аурушаңдық жоғары. Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның ағзасына науқас немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап аурудың басталуы он күнге дейін ұласады. Науқас алғашқы күнінен бастап айналадағыларға жұқпалы. Менингиттің белгілері: күтпеген жерден бастың қатты ауыруы, құсу, қалтырау, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, дене қызуы 39-40°С жетеді. Тері бозғылттанады. Әлсіздік байқалады, арқа және аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Бұл ауру тұмау, ангина, тонзиллит және т. б. ауруларды қоздырады. Ағзаның қорғаныс күші әлсіреген кезде қатты тоңу, шаршау, қажу байқалады. Профилактика: – Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстар байқалады (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік). Тез арада дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз; – Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет. – Ғимараттарды жиі желдетіп, ұжымдық орындарда ылғал шүберекпен тазарту жүргізу. – Созылмалы инфекция ошақтарында санация жүргізу маңызды, балалардың ЛОР органдарына бұл жиі қатысты, сондықтан балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару қажет; – Тек қайнаған немесе бөтелкедегі таза суды ішу қажет; – Тоңу, ашығу, ұйқысыздық, стресс және тағы басқалардан аулақ болу керек. Ауруды әрқашан емдегеннен, алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!