Ташкентте Шыңғыс Айтматовқа «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды Кабар. Мұндай ұсынысқа танымал өзбек әдебиетшісі, «Манас» жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, «Өзбекстан-Қырғызстан» достық қоғамының атқарушы директоры Зухритдин Исамутинов бастамашылық етті. «Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматовқа «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру әділ болар еді», - деді ол.Президент Шавкат Мирзиёев сәуірде ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралы қаулы қабылдаған болатын.
Жүктелуде...