Бүгін Кабулде болған екі жарылыстан 21 адам опат болды. Жараланғандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі жеті адамның көз жұмып, 20-сы зардап шеккенін мәлімдеген еді.
Екі жарылыс та бүгін таңертең болды. БАҚ-тың ақпаратынша, біріншісінде жанкешті террорист мотоциклде өзін-өзі жарып жіберген.
Пажвак агенттігі хабарлағандай, екінші жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында TOLOnews, 1TV және Al Jazeera телеарналары мен басқа да БАҚ-тың журналистері бар. Франс Пресс агенттігі фотограф Ша Мараидің қаза тапқанын хабарлады.