Астанадағы сауда нүктелерінде сатылатын ТМ «Bаmbino» балмұздағының микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтіні анықталды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары (нормадан жоғары) тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған», - деп хабарлады ведомстводан. Бұл өнім Сарыарқа ауданы, Тайбұрыл көшесі, 7 мекенжайында орналасқан "Продукты" дүкенінде түгелдей сатылып кеткен. Микроорганизмдер Пушкин көшесі, 73 мекен жайында орналасқан өндіріс цехында да табылған. Сонымен қатар онда бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді. Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды. «Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады.
Жүктелуде...