Елбасы: Балалар алаңы төменгі қабатта болуы керек!
Елбасы: Балалар алаңы төменгі қабатта болуы керек!
"Кемероводағы оқиғадан бәріміз бір қорытынды шығаруымыз керек. Қазір менің тапсырмам бойынша айнала түгел тексеріліп жатыр. Барлық жерде тексеріс жүргізілуі тиіс. Тапа-тал түсте қаншама адам, бала қаза тапты, сұмдық. Қазір қарап отырмын, барлық кәсіпкер өздерінде бәрі жақсы екенін дәлелдей бастады. Бірақ тексерістермен жұмысты жолға қою қажет, әсіресе барлық MEGA-да. Неге балалар алаңдарын төменде емес, жоғары қабатқа салады? Сауда орындарын жоғары қабаттан ашуға болады. Ал балалар алаңы төменгі қабаттарда болуы керек. Болашақта құрылыс кезінде мега-жобалар бойынша осындай талап қою керек", — деп тапсырды Елбасы Астанада өткен кеңесте. Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйіндегі өрттен 64 адам көз жұмған болатын. Оның ішінде 41 бала бар. Зардап шеккендер саны 70-тен асты.