Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі болды. Елбасының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Н.Б. Ермекбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 сәуір № 660
Жүктелуде...