Жаңалықтар

Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды

Қарағандыдан Алматыға бет алған ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды

Қарағандыдан Алматыға ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының  Boeing-757 ұшағы шұғыл түрде Астана әуежайына қонды. Бұл туралы компанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімденді. />Оқиға 24 наурызда орын алған.

«Бүгін әуекомпаниясының Қарағанды-Алматы бағыты бойынша КС 312 рейспен ұшып шыққан Boeing-757 ұшағы техникалық себептер бойынша Астана әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды», – делінеді хабарламада.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22:34-те штаттық тәртіп бойынша қонған.

«Экипаж қауіпсіздік жөніндегі халықаралық процедураларды сақтады. Жолаушылар қонақ үйлерге орналастырылып, таңертеңгі КС 622 және 952 рейстерімен Алматыға жөнелтіледі. Тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінеді хабарламада.