Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды. Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен айыпты деп танылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлікті тәркілеумен 10 жылға сотталды. Сондай-ақ сот үкімімен мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды. Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
"Жақсыбаев менің күйеуіммен кездескен жалғыз адам. Қалғандары кездескен де, сөйлескен де жоқ. Үкімге тек Жақсыбаевтың (сотталғандардың бірі) айтқандары ғана негіз болып отыр. Біз өзіміздің контр-айғақтарымызды, куәгерлерімізді әкелдік. Менің жұбайымның кінәсіз екенін толығымен дәлелдедік деп ойлаймын. Ал Жақсыбаевтың өзіне – 2,6. Әрине, менің күйеуіме жала жауып отыр", — деді Назым Бишімбаева.
Төрт баланың анасы күйеуінің ақталып шығатынына сенімді.
Айта кетейік, істің басқа да фигуранттарына үкім шықты. Бишімбаевтың немере бауыры Сұлтан Нұрлыбек 7 жылға сотталды.