Елімізде жеміс-жидек пен көкөністің бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Energyprom.kz мониторингтік агенттігінің мәліметіне сүйенсек, өткен айда қияр 9,1%-ға қымбаттаса, қызанақ —8,9 %-ға. Отандық базарларда орамжапырақтың (5,4%-ға), пияздың (3,9%-ға), сәбіздің (2,6%-ға) және картоптың (2,3%-ға) бағалары өскені байқалады. Жеміс-жидек бөлімінде де прайс біршама өзгерді. Банан 3,6%-ға қымбаттаса, алма – 1,2%-ға. Бұлармен салыстырғанда сүт тағамдарының бағасы әлдеқайда тұрақты — қаймақтан жасалған спредтің құны 1,8%-ға артса, ірімшік небәрі 1%-ға қымбаттаған. Маргарин (+1,1%) мен арақтың (+1,1%) да бағаларында сәл өзгеріс бар. Ал шошқа еті 1%-ға қымбаттады.
Жүктелуде...