Түркістан қалалық сотының төрағасы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы. Сот жүйесінде 25 жыл істеген Омар Серікбаев былтыр қазан айында 3 миллион теңге алып жатқан кезінде қолға түскен еді. Істі өзі жүргізбесе де, сотталушыға жеңілірек үкім шығарып беруге көмектесемін деп қомақты қаржы талап еткен.
Жүктелуде...