Өзбекстанда жаңа жеке куәлік пен төлқұжат 2019 жылы жарық көрмек. Өзбекстанда 2019 жылға қарай жалпыхалықтық төлқұжаттың орнына идентификациялық карталар (ID-карта) пайда болмақ. Өзбекстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа шетелге шығу төлқұжаты енгізіледі. Ал идентификациялық карталарды мемлекет ішінде қолданады. ІІМ жанындағы Миграция және азаматтықты реттеу жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, полковник Улугбек Ташходжаевтың сөздерінше, ID-карталарды енгізу әзірге қиындық туғызып жатыр. «Қазіргі кезде біз жаңа шетелге шығатын төлқұжат әзірлеп жатырмыз. Президенттің бұйрығы бойынша, 2019 жылдың 1-қаңтарында пайдалануға берілуі тиіс», –деп атап өтті ол брифингте. ІІМ өкілінің айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылған. Онда олар әзірге шетел тәжірибесін зерттеп жатыр.
Жүктелуде...