Дін істері комитеті Қызылордада ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді
Дін істері комитеті Қызылордада ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізді
Аталған топта деструктивті діни ағымдардың ықпалына бейім адамдармен жұмыс жүргізіп көрген білікті мамандар мен сарапшылар бар. Бұл тізімде: Дін істері комитетінің исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас маманы - Нұрғали Қабылов, «Нұр Мүбарак» университетінің докторанты, дінтанушы - Стамбакиев Нұржан, Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы директорының орынбасары-Аташев Айбек бар. Түсіндіру жұмыстары барысында мақсатты топтарға ерекше назар аударылды. Ақпараттық-түсіндіру тобы радикалды діни көзқарастағы адамдармен жеке кездесулер өткізіліп, оның ішінде түзету мекемелеріндегі сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында қаладағы діни бірлестіктердің өкілдерімен жеке кездесулер ұйымдастырылды. Осы кезеңде түсіндірме жұмыстарына Қызылорда және Байқоңыр қаласымен бірқатар аудандардағы мешіттердегі жамағаттар, құқық қорғау саласының өкілдері, кәсіпкерлер, базарлар мен вокзалдардағы жұмысшылар, жастар т.б. қамтылды.