Қазақ тіліне аударылатын алғашқы кітаптар
Қазақ тіліне аударылатын алғашқы кітаптар
Биыл философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент және басқа да салалар бойынша 17 оқулық аударылады. Қазір шетелдік баспалармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Алматыда өткен республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу кезінде айтты. Жалпы бұл шаһарда осы жылдың сәуір-тамыз айларында «Рухани жаңғыру» тақырыбы негізінде 63 жоба жүзеге асқан. Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары: - Бағдарлама бойынша көп жұмыс қолға алынды. Оған мемлекеттік аппаратпен бірге саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар атсалысып жатыр. Бағдарлама экономиканы дамытып, қауіпсіздікті нығайтып, мәдениетімізді көркейтуге жол ашады.