ХІІ ғасырға жататын екі балбалтас табылды
ХІІ ғасырға жататын екі балбалтас табылды
Арпа өзені Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдың азаматтары сол маңдағы ерекше тасты байқап, жерден қазып алған. Көне ескерткіш таңғы жарыққа, яғни, шығысқа қарап орнатылған екен. Тұрғындар «бұл - ерте кездегі мәдениет пен салт-дәстүр негізі», - деп топшылап отыр. «Табылған жерден екі тас ерекше көрінді. Біз оларды көтеріп едік, жан-жағынан суреттер шыға бастады. Сонымен ол тасты бөлек қойдық. Сол маңнан тағы бір тас көрінді. Ол да жерден 3 см шығып тұр екен. Көтеріп едік, ол да қозғалмады. Жалпақ сияқты көрінді. Екінші бетінде суреті бар екен. Бізге оларды алу қызық болды»,-дейді Абай ауылының тұрғыны Жансәт Сейітов. Тарихи жәдігер мұражай қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Олардың сөзінше, балбал тастар ежелгі түркі дәуіріне тән. Терең тарихтан сыр шертер құнды дүниені ғалымдар зерттеуге мүдделі. Оларды аудандық мұражайда сақтамақшы.