Астанада Сауд Арабиясы королінің жеке көрмесі өтеді
Астанада Сауд Арабиясы королінің жеке көрмесі өтеді
Көрмеде корольдің жеке заттары, қасиетті мусхафтар, 1927 жылы король Фейсалдың бастамасымен ашылған кисуа матасын (қасиетті Қағбаны орайтын мата) өндіретін цехта жасалған алғашқы кисуа және түрлі суық қарулар, құрмет төсбелгілері, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар назарға ұсынылады. Фейсал ибн Абдул-Азиз Аль Сауд (1906-1975) - Саудиттер әулетінен шыққан Сауд Арабиясының үшінші королі (1964-1975), Сауд корольдігінің негізін салушы Абдул-Азиз ибн Саудтың үшінші ұлы. «Әл Фейсал басшылық еткен дәуір мұрасын бағаламау мүмкін емес. Король жүргізген ауқымды реформалар қоғамның барлық қырларына әсер етіп мемлекетті жаңа деңгейге көтерді. Елде жоспарлау жүйесі бекітілді, бүгінгі күннің өзінде жаңа заңнамалық нормалар дайындау кезінде сүйенетін маңызды заңдар қабылданды. Фейсалдың халықаралық деңгейдегі бастамалары Корольдікті халықаралық саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастықта белсенділік танытатын ірі державалар қатарына қосты»,-делінген хабарламада. Көрме сағат 10.45-те басталады және 2017 жылдың 30 мамырына дейін жалғасады.