Алматы қаласында 171 млн теңгенің өнімі ұсынылған ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Алматы қаласы «Астана» орталық алаңында 6 мамыр күні Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің және Алматының 40 тамақ өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде тұрғындар өнімнің 40-тан аса түрлерін сатып ала алады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына ет-сүт, жеміс-көкөніс және басқа да өнімдер ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жалпы жәрмеңкеге 171 млн. теңгеге өнім алып келеді», делінген хабарламада. Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 15-20 % төмен болады. Жәрмеңке өткізілу барысында Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі арасында Төле би көшесі бойымен автокөлік жүруі тоқтатылады.
Жүктелуде...