Жаңалықтар

Шымбұлақ - үздік демалыс орындарының алғашқы ондығында

Шымбұлақ - үздік демалыс орындарының алғашқы ондығында

Шымбұлақ тау шаңғылық курорты бойынша үздік ондыққа енді. Бұл туралы roomguru.ru хабарлады.

Шымбұлақ бұл көрсеткіште сегізінші орынға тұрақтады. Үздік ондыққа кірген тау шаңғылық демалыс орындары: Роза Хутор (Ресей), Ишгль (Австрия), Ливиньо (Италия), Шерегеш (Ресей), БигВуд (Ресей), Горный воздух (Ресей), Гудаури (Грузия), Шымбұлақ (Қазақстан), Цахкадзор (Армения), Приэльбрусье (Кабардино-Балкария). RoomGuru.ru мәліметі бойынша Шымбұлақта туристер орташа есеппен күніне 32 мың теңге, ал тізімдегі өзге демалыс орындарында 22 мың мен 39 мың теңге арасында жұмсайды.