Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері мамыр айының басында жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады
Gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы туралы айтты.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 2024 жылғы 1, 7 және 9 мамырда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен теміржол өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылатын болады.

Сонымен бірге Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты "Қапланбек" өткізу пункті жабылды, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелді.

"Ресей, Қырғыз және түрікмен бағыттарындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Азаматтарға маршруттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады", - делінген хабарда.