Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды

Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарған.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды
ҚР ІІМ

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Nege.kz порталына сілтеме жасап.

«Біздегі дереккөздің хабарлауынша, дүйсенбі күні бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.  Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарды», - делінген ақпаратта.

Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарған.

Қантарадағы жағдайдан кейін Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, кейін Ташкентке барып, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болған еді.