Бұршақ, жел, жаңбыр: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 29 сәуір, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бұршақ, жел, жаңбыр: Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Pixabay

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, батысы мен солтүстігінде бұршақ, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағандыоблыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.