Қазақстандық пара спортшылар әлем кубогінде 2 жүлде жеңіп алды

Бұл туралы Дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Қазақстандық пара спортшылар әлем кубогінде 2 жүлде жеңіп алды
csp_parasport.kz

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында пара оқ атудан әлем кубогында қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.

Кеше жарыстың алғашқы күнінде Еркін R1 (ерлер) дисциплинасында 250.3 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Бұл сында екінші орынды 249.0 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Парк Джинхо, үшінші орынды 228.4 ұпаймен Францияның спортшысы Ричард Дидье алды.

Айта кетейік, Еркін Ғаббасов осы жылдың наурыз айында Нью-Дели қаласында өткен әлем кубогында екінші орынға ие болып, биылғы Париж Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алған еді.

Ал бүгін, яғни екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық дисцеплинада 615.8 ұпай жинап, күміс медальді еншіледі. Бұл сында бас жүлдені Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен жеңіп алса, қола медальға да Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юджин мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен қол жеткізді.

Айта кетсек, дүбірлі додада 49 мемлекеттен 260-тан астам спортшы өнер көрсетіп жатыр. Жарыс 1 мамырға дейін жалғасады.