25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап келген блогер сотталды

Күдіктіге 3,6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап келген блогер сотталды
Скриншот

Мәлім болғандай, жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсеріктерді қорқыту арқылы ақша алып отырған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Семейден қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын видео түсірген. Өзін блогер және қоғам белсендісі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан. Сосын теміржол қызметкерлері қорыққандықтан ақша берген. 

Осылайша, блогер екі жыл ішінде 10 миллион теңгеден астам ақша алған. Бопсалаушының бұл әрекетінен 25 жолсерік зардап шеккен. 

«Қылмыстық кодекстің 58 бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жазаны ауыр жазаға ауыстырып, 3,6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жаза үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін», – деді судья.