Су тасқыны: Қазақстандық кәсіпкер қорға 1,3 млрд теңге аударды

Кәсіпкер Қайрат Итемгенов Мемлекет басшысының үндеуінен кейін ел азаматтарына көмек қолын созды.

Су тасқыны: Қазақстандық кәсіпкер қорға 1,3 млрд теңге аударды
Фото: ratel.kz

Қайрат Итемгенов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде 1 миллиард 300 миллион теңге аударды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Еліміздегі су тасқынынан келген залалдың ауқымы бұрын-соңды мұндай деңгейде болмаған еді. Отандастарымыздың үйлері мен мүлкін қалпына келтіруге көмек қажет екенін жақсы түсінемін» , - деді Қайрат Итемгенов.

Сонымен қатар бизнесмен өз компаниясымен бірге мұндай апаттардың қайталанбауына атсалысуға әзір екенін жеткізді.

«Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында сөйлеген сөзін мұқият тыңдадық. Қасым-Жомарт Тоқаев ол жерде де ірі бизнес өкілдерін халыққа көмек көрсетуге шақырды. Біздің компания бұл үндеуге қосылады. Біз осындай қиын сәтте барлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар және қарапайым адамдар бір жерден табылуы керек деп есептейміз. Мен және «Aqniet Group» компаниясы осындай апаттардың қайталанбауы үшін және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуға дайын», - деді кәсіпкер.

Еске салайық, бұған дейін қара бетперде киіп, мұқтаж жандарға көмектесіп жүретін жігіттің қорға 1 млн доллар аударғаны жайлы жазған едік.