Кореядағы қазақстандықтар елге гуманитарлық көмек жібереді

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға резеңке қайықтар мен аяқ киімдер, оқу құралдары жіберіледі.

Кореядағы қазақстандықтар елге гуманитарлық көмек жібереді
24.kz

Жақын күндері Оңтүстік Кореядан Қазақстанға алғашқы гуманитарлық жүк келеді, деп хабарлады turkystan.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға резеңке қайықтар мен аяқ киімдер, оқу құралдары жіберіледі. Бұл заттар Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтардың қаражатына сатып алынған.

Қайырымдылық шарасына еліміздің ұлттық әуе компаниясы қолдау көрсетті. Ол гуманитарлық жүкті Инчхоннан Алматыға тегін жеткізеді. Қазір жерлестеріміз арнайы есепшот ашып, қаражат жинауды жалғастырып жатыр.

"Алыста жүргеннен кейін біз бейжай қалмай, жаңағы "жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей өзіміз қазақ болып, кішкене болса да көмек көрсетсек деген ниетіміз болды", - дейді Пусан қаласындағы ҚР Бас консулдығының қызметкері Балнұр Айтбаева.