Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды
Akorda.kz

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.