Тимур Құлыбаев Атырау облысына көмек ретінде 30 млрд теңге аудармақ

Президент Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітілетіні туралы айтқан еді.

Тимур Құлыбаев Атырау облысына көмек ретінде 30 млрд теңге аудармақ
сурет: gazeta.ru

Тимур Құлыбаев Атырау облысына көмек ретінде 30 млрд теңге аудармақ, бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

"Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың қайғысына ортақпын. Біз алғашқы күндерден бастап тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудеміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен барлық қиындықты бірге еңсеретінімізге сенімдімін", - деді Тимур Құлыбаев.

Еске сала кетейік, Президент Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітілетіні туралы айтқан еді.