Ақтөбеде адамдардың үстіне аялдаманың әйнегі құлап кетті

Қираған шатырдың бөлшектері үш әйелдің үстіне түсті.

Ақтөбеде адамдардың үстіне аялдаманың әйнегі құлап кетті
diapazon.kz

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 сәуір кешке болған, деп хабарлады «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі «Золотой квартал» тұрғын үй кешені ауданында, Әлия Молдағұлова даңғылында аялдаманың шыны жабынына жарнама щитін орналастырып жатқан кезде құрылымның бір бөлігі құлап кетті. Қираған шатырдың бөлшектері үш әйелдің үстіне түсті. Олар автобус күтіп тұрған еді.

«Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмйтін жұмысты орындау немсе қызметтерді көрсету факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полиция өкілдері.