Елордада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған.

Елордада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
Комсомольская Правда

Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады.

«Бөгет» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

«Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІД. Экстрадициялау мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 сәуірде Алматы халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталғаны хабарланған.