Алматыда Sofi FINANCE және Creditum микроқаржы ұйымдары ҚНРДА шешімі бойынша микроқаржы қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензиясынан айырылды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 16.04 №46 және №47 бұйрықтарына сәйкес «Sofi Finance микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Creditum микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі –МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларынан айырылды», – деп жазылған хабарламада.
Бұл микроқаржы ұйымдары «Микроқаржылық қызмет туралы» заң мен Ұлттық Банктің талаптарын бірнеше рет бұзған.