Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар департаментінің экс-бастығы көз жұмды

Вадим Владимирович өмірінің саналы бөлігін төтенше жағдайлар органдарында қызмет етуге арнаған.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің экс-бастығы Пранге Вадим Владимирович қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. 

Айта кетейік, ол еңбегі үшін үш дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалдарымен марапатталған.

Вадим Владимирович азаматтық қорғау органдарының дамуына баға жетпес үлес қосты. Қазіргі уақытта республика бойынша бірнеше офицер тәрбиеледі, олар қазір азаматтық қорғау органдарында қызмет атқаруда.